СӘУІРДЕ ӨРТТІҢ КӨБЕЮ СЕБЕПТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ербол Әлішеров тікелей эфирде қалыптасып отырған жағдай туралы, өрттердің статистикасы мен олардың шығу себептерін талдады. Көп ретте көктемгі өрттердің далалық жерлерде құрғақ шөптерді жағудан басталатынын айтты.
Хабар барысында мамандар тұрғын үйлерде қарапайым өрт сөндіргіш арқылы қайғылы оқиғаның алдын алуға болатындығын атап өтті. Жалын күш алған жағдайда тез арада үй ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, 101 және 112 телефондарына хабарласуға кеңес берді.
Өрт сөндірушілер келген бойда оларға бірінші кезекте үй ішінде балалардың бар – жоғы, басқа да қосымша ақпаратты хабарлаудың маңызы жайлы айтылды.