26 ҚАЗАННАН БАСТАП ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ҚЫСҚЫ КЕСТЕГЕ АУЫСТЫ
Қазақстанда жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздар қазанның 26-сынан бастап жүру уақытын қысқы кестеге ауысты, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Осы орайда Астана-Қарағанды бағытына қатынайтын пойызды тәулігіне екі мәртеден үш мәртеге дейін, ал Астана-Бурабай шипажайы бағытына жүретін пойызды күніне бір мәртеден екі мәртеге ұзарту қарастырылған.
Биыл 29 қазаннан бастап, №69/70 Алматы-2 – Защита (Өскемен), қазанның 28-інен №35/36 Алматы-2 – Шымкент бағытына тағы екі жүрдек пойыз шығарылады.
Одан бөлек, осы жылдың соңына дейін Алматы – Защита (Өскемен) және Астана – Қызылорда бағытына қатынайтын екі жүрдек пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Ал қарашаның 14-інен бастап «Тұлпар –Тальго» пойызына жолақы құны бірден 35 пайызға төмендейтіні де белгілі болып отыр.
Төмендетілген баға сондай-ақ, №69/70 Алматы-2 –Защита (Өскемен), №19/20 Астана-Атырау, №87/88 Ақтөбе-Астана, №79/80 Астана – Шымкент, №77/78 Алматы –Атырау, №49/50 Алматы –Ақтөбе, №35/36 Алматы-2 – Шымкент, №67/68 Астана – Защита (Өскемен), №89/90 Астана – Қызылорда бағытына қатынайтын пойыздарға да енгізілетін болады.