ҚАЗА ТАПҚАН ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

Жиынды ашқан департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов «Бұл азаматтар өмірден кетсе де, көңілден кетпейді. Бүгінгідей қасиетті дәстүр жас ұрпаққа абырой мен міндетті сезіндіріп, патриотизмге тәрбиелейді.» - деді өз сөзінде.
Қаза болған өрт сөндірушілерді жақындары мен ардагерлер еске алып, сөз сөйледі. Қызылордалық өрт сөндірушілер үшін аға өрт сөндіруші, ішкі қызмет сержанты Арман Төлеубаев пен аға өрт сөндіруші, ішкі қызмет сержанты Арғын Әшірбековті мәңгі есте сақтайды. Даңқты өрт сөндірушілердің жаңа толқыны олардың қайсар ерлігін үлгі тұтып, тәрбиеленуде.
Қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінің соңында ТЖД бөлімшелері туды биік көтеріп, әскери сап түзеп, салтанатты маршпен жүріп өтті.