ЖАС ҚЫЗМЕТКЕР САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңадан қосылған 16 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Саптық байқау жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі


