ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ОҢТАЙЛАНДЫРАТЫН ЖОБА

Осыған сәйкес, 14 сәуір күні Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов пен Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дауешов қалалық ішкі істер басқармасында жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.
Жобаның басты мақсаты – қылмыстық істер бойынша азаматтарды тергеу органына қайта-қайта шақыртумен әуреге салмай, кінәсін толық мойындаған және келтірген шығынның мөлшерімен келісіп отырған күдіктілерге қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жеделдетілген түрде аяқтап, сотқа жолдау.
Осы жобаны іске асыру үшін, Қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратында бейнебақылау камераларымен жабдықталған, арнайы әйнекпен қоршалған жауап алу кабинеттері ашылды. Тергеп-тексеру жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жауап алу барысы бейнекамераға жазылады. Сондай-ақ қалалық прокуратураның екі қызметкері қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында орналасқан прокурорлар кабинетінде күнделікті қылмыстық істерді зерделеп, тергеушіге бағыт-бағдар беріп, тергеуі аяқталған іс-құжаттарын қысқа мерзімде зерделеп, дәлелдік негізін анықтап, сотқа жолдануын қамтамасыз етуде.