ЖЕҢІС ПАРАДЫНДА ҚАРУ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ КӨРСЕТІЛЕДІ
Жеңіс Күнінің парадында біздің әскерилер бұрын-соңды Қазақстан армиясында болмаған қарулар мен техниканың жаңа түрлерін көрсетеді, деп мәлім етті ҚР қорғаныс вице-министрі Талғат Жанжуменов, деп жазады ҚазТАГ.
«Парад барысында біз бірқатар жаңа техника көрсетеміз. Олар бұрын біздің армиямызда болмаған», - деді Т. Жанжуменов брифингте.
Оның айтуынша, әскери парад әдеттегідей үш бөлімнен тұрады – жаяу әскерлер парады, әскери техника қозғалысы, сондай-ақ авиация жетістіктерін көрсету. Авиация жетістіктерінде 70-тен астам техника көрсетіледі.
Жоспар бойынша 2017 жылғы парад оған қатысатын әскерлер мен техникалар саны жағынан бұрынғы парадтардан ерекше болады.
