РУХАНИ ДАМУ – ЖАҢА БЕЛЕСКЕ БАСТАЙДЫ
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған, еліміздің төл тарихына, ұлттық салт-дәстүріне негізделген маңызды бағдарламалық жоба. Әсіресе, біртұтас ұлт болып қалыптасу, қазіргі заман талаптарына сәйкестену және жылдам өзгеріп жатқан әлемде ұлттық ерекшелікті сақтау керектігін айрықша атап өткен. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. Ендігі кезекте, бейбітшілік пен бірлікті ту етіп, біртұтас ұлт ретінде алдыға батыл қадам басуға тиіспіз. Сонда ғана біз Елбасы қойған мақсат міндеттерді қиындықсыз еңсеретін боламыз.
Әбдімәулен САБЫРХАНОВ,
Жаңақорған аудандық «Әділетті қоғам»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы