ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Ұлттық құндылықтарымыздың ішінде жыршы-жыраулардың алатын орны ерекше. Сыр өңіріндегі жыраулық өнер – қазақ өнерінің басқа түрлеріне ұқсамайтын, дауыс мақамы мен көмей дыбыстары арқылы ерекшеленетін жанр. Осы жыршылық өнерді жас ұрпаққа насихаттау, түркі тілдес халықтардың ұлттық фольклорлық-музыкалық өнерін дәріптеу және мәдени өзара қарым-қатынас пен байланысты нығайту бағытында түркі тілдес елдердің Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу дәстүрге айналды.
Фирдоусидің «Шахнамасынан» Тұрмағамбеттің «Шахнамасына» айналған әлемнің жыр жауһары – «Шахнама» аудиоэнциклопедиясы жарық көрді,-деді Қ. Досмайылұлы.