СЫР МӘДЕНИЕТІНІҢ СЫРТПЕН БАЙЛАНЫСЫ АРТТЫ

Осы ретте, Сыр өнері өзімізде ғана емес, Түркия, Лондон, АҚШ-қа, танылуда. Осы күндері аймақтың өнер ұжымдары облыс әкімінің қолдауымен Әзірбайжан Республикасының Баку, Шеки қалаларында өнер көрсетуде.
Тарихи жәдігерлерді қайта қалпына келтіру мақсатында облыс орталығындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңғыртылып, экспозициясы заманауи үлгіде жаңартылса, Елбасының тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешені толық реконструкциядан өткізілді. Бүгінгі күні ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді,– облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақов.