ЕСКЕРТКІШТЕР ЕЛДІК БЕЛГІСІ
Бүгін Қызылордада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіруге арналған идеологиялық актив отырысы өтті.
Актив төрағасы, облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ысқақов Елбасы еңбегінің маңызы жайлы айта келіп, соңғы жылдары аймақ руханиятындағы жеткен жетістіктерімізге тоқталды.
Елбасы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» дейді. Расында, алға ұмтылған қадамымыздың нық болуы үшін де рухани жаңғыру әрдайым жүріп отырғанын айту керек. Ол Тәуелсіздік жылдары ішінде бірнеше рет іске асырылды.
2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ел аумағында қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылған болса, соның ішінде Сыр өңірінде бұл жұмыстар жүйелі жүргізілді.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері мен Сауысқандық петроглифтері енгізілді,– деді облыс әкімінің міндетін атқарушы.