ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ӘСКЕРИ ПАРАД ӨТЕДІ
2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. Парадты Еліміздің Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы қабылдайды. Әскери парадқа 5 мыңнан астам адам, оның ішінде 154 адамнан 27 жаяу парадтық есептоп қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал - майор Талғат Жанжүменов мәлім етті.
Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар.
Спикердің айтуынша, аталған әскери парад - тартылған жеке құрам және техникалар саны бойынша бұрын өткізілген парадтардың ішіндегі ең ірісі.
Көзтартарлық шеруге 300-ге жуық әскери техника тартылатын болады. Сондай-ақ, қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты 80 бірлік авиациялық техника қатысады. Осы орайда, қазақстандықтар парадта су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалай алады. Айта кетейік, бұл жап-жаңа заманауи техникалар мен қару-жарақтар Қарулы Күштердің арсеналына 2016 және 2017 жылдары қосылған.
Сонымен қатар, алаңда бірінші рет БПЛА («Wing long», «Hermes-90» и «Бусел»), гидроцикл, катер, квадрацикл, багги және «Джигит» зеңбірек қондырғыларының жаңа үлгілері ұсынылады. Бірінші рет «Хьюи» тік ұшағы және TL-2000 және Zlin оқу-жаттықтыру ұшақтары ұшырылады.
Әскери парадтың тағы бір ерекшелігі - оған Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас ұлан» әскери мектептерінің тәрбиеленушілері және аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы қатысатын болады. Сондай-ақ, аталған шараға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен әскери-техникалық мектептердің шәкірттері де қатысады деп күтілуде.
Осы жылдың кезекті ауқымды және маңызды іс-шараларының бірі – Армия халықаралық ойындары. Армия халықаралық ойындарының 28 конкурсы 5 ел аумағында өтеді деп жоспарлануда. Олар: Ресей, ҚХР, Қазақстан, Әзербайжан және Беларус. Қазақстанның әскери қызметшілері 11 сайыста бақ сынасады. Оған қоса еліміздің аумағында да үш конкурс өтетін болады: «Артиллериядан оқ ату шебері», «Мергендер шебі» және «ҰҰА есебінің сайысы».