ҰЛТТЫ САҚТАУ - АТА ТЕГІМІЗДІ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ
Елбасының еліміздің аға басылымы «Егемен Қазақстан» га¬зе¬тінде кеше ғана жарық көрген «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» мақаласы – биылғы жылғы Жолдауының табиғи, рухани жалғасы іспетті.
Тарих толқынында қалған көне абыздардың ізімен салыстырсақ, Елбасы айтқан "Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек" деген сөздерден-ақ,көлемді мақаланың ұлтымыз үшін соншалықты құнды, еліміздің дамуы жолында маңызы зор екенін байқауға болады.
Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласы жарық көре салып, көзі ашық, көкірегі ояу барша оқырманның, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жатқаны да кездейсоқ емес. Әр мемлекеттің дамуы жолында алға ұстар бағдаршамы, тұтқасы болу тиіс. Жаңару үшін де мемлекетке,ұлттық ұстаным, халыққа рухани им¬мунитет керек. Құдайға мың шүкір, елімізде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, эконом謬ка¬мыз күн санап, әлеуетті елдің қатарынан көрінуге қадам басуда. Елдің көңілі мен санасында уақыт өте келе рухани азыққа – ұлттық өрлеуге, тарих пен мәде¬ниетке қажеттілік пайда бола¬тыны бесенеден белгілі. Елбасы Н.Назарбаев осы қажет¬тіліктің уақыты жеткенін айтып отыр.
Ұлт көшбасшысы «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл сая¬си, эконо¬микалық жаңғыруларды толықтырып қана қой¬май, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғы¬ру тек бүгін басталатын жұмыс емес» деп ой толғады.
Бүгінгі жастар үшін аға буыннан көрген тәлім-тәрбие мен алған ақыл, ертеңгі күніне мол азық.
Осы орайда Елбасы көтерген мәселе көңілге қонымды, ертеңгі күнге сеніммен қарауға берілген зор мүмкіндік деп білемін. Елбасы өзінің ой-толғауында "Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын" деген болатын.
Олай болса, бабаларымыздың өмір салтына адалдық танытып, өшкенімізді жандырып, келер күнге батыл қадаммен бастайық!
Жаңғыру - бүгіннен басталады!
Мұратбек ЕРЖАҚЫП,
Қызылорда облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметінің директоры