ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕДІ
Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ әліпбиін біртіндеп латынға көшіру жөнінде айтқан болатын. Бұл байыпты бастаманы толығымен құптаймын. Өйткені, латын графикасын қабылдау арқылы біздің әлем елдерімен байланысымыз арта түсері сөзсіз.
Бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда латын әрпін енгізу қиындық туғызбайды деген ойдамын. Қайта латынға көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Сондықтанда бұл үдеріске үрке қараудың қажеті жоқ. Керісінше латын қарпіне көшу – көкжиегімізді кеңейте түсері кәміл.
Изатулла НӘРЗІЛДАЕВ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының
Жаңақорған аудандық филиалы төрағасы.