ИМАМДАР САДАҚАҒА ҚОЙЫЛАТЫН АС МӘЗІРІН ҰСЫНДЫ
Ақтөбеде дін қызметкерлері жаназада жайылатын ас мәзірін ұсынды. Имамдар тойға айналып бара жатқан садақаларды бір ізге салуды көздейді. Олар садақаға барғанда тойға келгендей дарақыланып отыратын иманы кеткен адамдардан шошитынын жасырған жоқ деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
«Қазір садақа мәзірі той дастарханындай болып кетті. Бұл болмайтын нәрсе. Тойда адамның көңілі шалқып, асыра сілтеуге барса, оны сөгуге болмайды. Жалғыз қуанышы болуы мүмкін. Ал, өлік шыққан жерден аста-төк дастархан жасау – ешқандай моральға сай келмейді. Ол адамгершіліктің жоқтығын көрсетеді. Қазадан қан жұтып отырған отбасыға барып, салат пен жеміс жеу ненің қуанышы?! Адам өліп жатқан жерде ысырапшылдық жасау дұрыс емес.
Сонымен қатар өлімге келіп, дастархан жағалап жүріп, әкелген пакеттеріне салып алады. Өте сорақы көрініс. Аштық кезде де мұндай ашкөздік болмаған шығар. Дұға мен құран оқылған жерден сауап болсын деп қана дәм тату керек. Дастарханды сыпырып алу - адамның ашкөздігі. Сондықтан мұны бір ізге салу керек.
Астамшылық пен дарақылықтың доғаруымыз керек. Оның өзі - күнә. Құдай асы берген кезде келген адамдар партия жиналысына келгендей жарысып сөйлейді. Бұл дұрыс емес », - деді «Нұр Ғасыр» мешітінің ақсақалдар алқасының мүшесі Ахан Бекежан қажы.
Ақтөбеде жиналған 12 ауданның имамдары жаназа кезінде жайылатын дастархан мәзірін талқылады. Олар той секілді дүркіретіп өтілетін садақалардың сауапты іс емес екенін алға тартты.
«Ақтөбе облысында 66 мешіт, 92 дін қызметкері бар. Мешіттегі діни қызметтің сапасын арттыру, діни жоралғыларды бір ізге салу үшін арнайы конференция өткізіп отырмыз. Жаназа мен жерлеу рәсіміне қатысты пәтуәні бір ізге салғымыз келеді.
Сондықтан садақаның ас мәзірін ысырапсыз өткізуді ұсындық. Оған сауалнама арқылы елдің пікірі сұралынды. 1200-ден астам адам сауалнамаға қатысты. Дастарханда тары, талқан, жеті нан, өрік, мейіз, су-шай, ыстық тағамға ет немесе күріш қалдыруды ұсынып отырмыз», - дейді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан.
Имамдар ұсынған дастархан мәзірі мешіт асханаларында сақталатын болады. Ал өзге мейрамханаларға ұсыныс ретінде берілетін болады.
Дін қызметкерлері жасаған ас мәзірінде 100 адамға 170 мың теңге ғана кетеді.