ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қабылдауды «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан, кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы Әділхан Абилов және аудандық партия филиалының консультанты Гүлдәрі Иманалиева жүргізді.
Қоғамдық қабылдауда Әйтеке би кенті, Жанқожа көшесі №135 үйдің тұрғыны Роза Әбдірахманова күйеуі де өзі де жұмыссыз екенін, бастарында баспаналары жоқтығын айтып, көмек сұрады. Тұрғынның өтінішіне аса назар аударған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы тиісті орынмен байланысып, жомарт жандардың демеушілігімен тұрғынға пәтер жалдап көмек көрсетті. Көмекке разы болған Роза ана «Нұр Отан» партиясына алғысын айтты.
Жоспарлы түрде өткізілген тақырыптық қабылдауға түскен өтініштердің біршамасы жүйелі түрде шешімін тапты.