СУБҰРҚАҚ ТҮБІНЕН 1 МИЛЛИОН 400 МЫҢ ЕУРО ТАБЫЛДЫ
Римдегі Треви субұрқағының түбінен 1 миллион 400 мың еуро табылды. Италиялық La Repubblica гезетінің хабарлауынша. бұл ақша 2016 жылы саяхатшылардың субұрқаққа тастаған тиынынан жиналған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Бұған дейін мұндай есеп 2013 жылы жүргізілген. Ол кезде табылған ақша қазіргіден 100 мың еуроға аз болған еді. Статистика бойынша бұған дейін субұрқақтан алынған тиынның дені АҚШ доллары, tуро, және жапондық иен болатын. Дегенмен соңғы кезде австралиялық долларлардың көптеп тасталғаны байқалған. Субұрқақтың ұлтанына жиналған қаржы католиктердің қайырымдылық ұйымына беріледі.
Айта кетейік, Треви - Италиядағы ең үлкен субұрқақ. Оның биіктігі 26 метр болады. Саяхатшылар арасында «Субұрқаққа теріс қарап тиын лақтырған жан, Италияға тағы келеді деген сенім қалыптасқан.