ТАЙВАНЬДА ИТ ПЕН МЫСЫҚ ЕТІН ЖЕУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Осы елдің Орталық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша (CNA) бұл заңды жергілікті билік үшінші оқылымда мақұлдаған. Ол бойынша енді елде бұл жануарлардың етін сату мен жеуге қатаң тыйым салынды. Ал заңды бұзған адам 2 жыл бас бостандығынан айырылып, 200 мың мен 2 млн жаңа тайвань доллары аралығында айыппұл төлейді.
Сондай-ақ заңда мотоциклде мойындарына не арқаларына ит пен мысықты отырғызғандарға да айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 15 жаңа тайвань доллары. Идея авторы Ван Юмин бұл заң жануарларға деген қатыгездікті азайтады деп сенеді.