ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2017 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Үш айда сотқа 15 адамға қатысты 10 қылмыстық іс түсіп, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда іс саны 6 іске көбейгені байқалады.
Осы мерзімде 11 адамға қатысты 9 іс үкім қабылдау арқылы қаралған, 1 іс бойынша 1 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды (2016 ж. 3 айы - 12 адамға қатысты 4 іс қаралды).
Бірінші тоқсанда 11 адам сотты болды (2016 ж.3 айы - 12 адам). Сотталған 11 адамның барлығына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды (100 %).
7 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 1 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. 1 адам педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан 10 жылға айырылды.
Көрсетілген мерзім ішінде істердің қаралу мерзімі бұзылмаған. Барлық істерді қарауда дыбыс-бейне жазба қоңдырғысын пайдаланылған.
Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша судья Асхат Сабыров БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.