МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары 2016 жылы 3 017 132 қызмет көрсетсе, оның 77,2% медицина саласында болып отыр. 2017 жылдың 1-тоқсанындағы 579 850 мемлекеттік қызметтің 40 535-і мемлекеттік корпорация арқылы, 83 218-і электронды түрде көрсетілген.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы И.Ақжігітова, Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры А.Әбибуллаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж. Әбдусаметов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Есқараева мәлімдеді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мемлекеттік секторды реформалаудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылатындықтан, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге септігін тигізетін процестерді жетілдіруді жүктейді.
2017 жылдың 1-тоқсанында жоспарға сәйкес 50 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, барлығы 34 нысан қамтылды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдары саны – 33, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар саны - 1. Дегенмен, мемлекеттік қызмет көрсету бағытында қол жеткізген қандай да бір көрсеткіштерге қарамастан, бұл салада шешілуі қажет жүйелілік, құқықтық және техникалық түрдегі мәселелер жетерлік. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету процесі үнемі арттыру мен жетілдіруді талап етеді.
– 2016 жылға арналған Қызылорда облысының Өңірлік даму жоспарына сәйкес, ҚР Премьер-Министрі мен Қызылорда облысы әкімінің арасындағы меморандумда «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру» көрсеткішінің жоспарлы мәні 82% деп жоспарланып, орындалуы 89%-ды құрады. Нәтижесінде ЖАО-дың жалпы рейтингісінде Қызылорда облысы 4-ші орынға ие болды. Биылғы жылдан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп жүргізілген шараларға сәйкес қалалық, аудандық емханаларда мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ашылып, тұрғындар сол жерден электронды-сандық қолтаңба алып, емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу қызметтерін электронды түрде алуда, – деді И.Ақжігітова.