13 СӘУІРДЕ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ КҮН СУЫТЫП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

Республиканың оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.