БЕЙБІТ ӘЛЕМ ҚҰРУҒА ШАҚЫРҒАН ҮНДЕУ

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдулла дәрісті ашып берді. С.Сахиев дәрісінде саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, діни экстремизм және халықаралық терроризмге, киберқылмыскерліктің алдын алу мәселелері туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырған дүние екендігін тілге тиек етіп, манифес бүкіл әлемді бейбітшілікке шақырып, әлемдегі қарама-қайшылықты еңсеруге арналған парықсыз соғысты айыптаған жаңа бейбіт әлем құруға шақырған үндеу екенін айтып өтті.
