АЛҚАБИЛЕР АЙЫПТАУ ҮКІМІН ШЫҒАРДЫ

Сотталушылардың екеуі 4 жәбірленушіні пышақтап, ауыр және жеңіл дене жарақаттарын салады. Осының салдарынан 1 жәбірленуші қайтыс болып, 3 жәбірленуші ауруханаға жеткізілген. «Қалғандары аса ауыр қылмысты жасырып, тиісті орындарға хабарламаған» деді қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сағатбек Сүлеймен.
Сот үкімімен 1 сотталушы адам өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы біреуі 11 жылға кесіліп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Ал екі сотталушының 4 және 2 жылға бас бостандықтары шектеліп, пробациялық бақылауға алынады. .
Үкім заңды күшіне енген жоқ.