УАҚЫТ ТАЛАБЫМЕН ҮНДЕСЕДІ
Тәуелсіздігін ширек ғасыр ғана бұрын алған еліміз бүгінде саяси және экономикалық жаңғыруларды тиімді жүзеге асырып келеді. Бірақ әлемдік жаһандану үдерісі уақытында экономикалық әл-ауқат ғана емес, сонымен қатар, рухани жаңғыру мен ұлттық сана да бәсекеге түсетін уақыты.
Осы тұста Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы уақыт талабынан туындаған дүние деп білемін.
Мемлекет басшысы дәл көрсеткендей жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды айқындау мен оны сақтай білу болмақ. Яғни, әлемдік кеңістікте ұлтымыздың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа¬бі¬летімен айқындалады. Әрбір қазақ¬стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Ол, ком¬пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә¬дени ашықтық және т.б.
Ұлтымыздың өзіндік кодын сақтап қалу үшін Елбасы «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деп атап өтті. Сонымен бірге, мей¬лін¬ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылуымыз да керек. Ол жершілдік және рушылдық екені белгілі. Еліміздің бәсекеге қабілетті озық 30 мемлекетінің қатарына қосылу үшін ұлтымыздың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тартуымыз уақыттың талабы.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтың көкейінде жүрген сауалдарға нақты әрі ұтымды ұсыныстар мен жауаптар деп білемін.
У. ИБРАЕВ,
«Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры,
тарих ғылымдарының кандидаты