БОЛАШАҚТЫҢ БАҒЫТЫ

Әлемдік тәжірибе ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын анық көрсетеді. Елбасы өз еңбегінде бұл мәселені де қамтып өтеді. Әрбір қазақстандықтың ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы бағытындағы бастамаларды бағамдайды.
Ұлттық және жеке байлықты үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашақты жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеудің маңызын саралайды. Елдің рухани дамуында мәні зор алты бағытты белгілейді.
Бір сөзбен айтқанда, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» еліміздің әлемдік өркениетке өз үнімен қосылуын көздеген еңбек. Баршамыз жұмылып, осы ізгі ниетті игі іске айналдырайық!
Қ. ЕСІМСЕЙІТОВА,
Қазақстан Жазушылар одағы
облыстық филиалының жетекшісі.