МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов мемлекеттік инспекторға Қазалыдағы кәсіпкерлік нысандарын таныстырды. Бұл туралы аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Тілешов алдымен жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің «Балық өнімдерін өндіру, өңдеу цехын» аралап көрді. Зауыт тәулігіне 5 тоннаға дейін балық сүбесін өндіреді. Қазіргі таңда өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мақсатында «Еврокод» алу жұмыстары жүргізілуде.
Мұнан соң «РЗА» АҚ-ның ірі қара кешені мен сүт зауыты жұмысымен танысқан инспектор елімізде отандық өнімді өндіруге қолдаудың ерекше екендігіне тоқталды. Жергілікті өнімнің дәмін татып, оң бағасын берді.
Сапар барысында Н.Тілешов аудандық аурухананың құрылыс жұмыстарын бақылап, Қ.Пірімов көшесіндегі «Тәуелсіздік» аллеясы мен «Жеңіс» саябағын аралады.