АУДАН ӘКІМІ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада топ жарған №277 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Карина Құндызбаева мен №26 орта мектептің 10-сынып оқушысы Әскербек Қарабарақовты және ұстаздарын қабылдады.
Қабылдауда аудан әкімі осындай үздік нәтиже ұстаздар қауымының еңбегі екендігін айтты. Олимпиада жеңімпаздарының алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, білікті маман болуына тілек қосып, оқушылар мен ұстаздарына планшет пен бағалы сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, Каспий жағалауында еліміздің барлық аймақтарын 500 ден аса оқушы қатысқан білімділер сайысында жерлестеріміз Карина Құндызбаева орыс тілі ал, Әскербек Қарабарақов тарих пәнінен жоғары көрсеткішке қол жеткізген болатын.