ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
Қызылорда қаласы әкімінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №408 өкімімен Сейілов Медет Есдәулетұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Медет Есдәулетұлы, 1982 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер», 2013 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2003 жылы «БСК Астық» ЖШС заңгер ретінде бастаған.
2005-2008 жылдары Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, анықтаушы, анықтау бөлімінің басшысы;
2008-2011 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы;
2011-2014 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шиелі аудандық бөлімінің басшысы;
2014 жылдан осы кезге дейін Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
Сонымен қатар, қала әкімінің кеңесшісі де тағайындалды. Оған қала әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №410 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы келді.
Ақарыс Дүйсенбайұлы, 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Астана Строй Сервис» ЖШС инженер ретінде бастаған.
2004-2006 жылдары №143 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі;
2006-2012 жылдар аралығында «Бастау и К» ЖШС, «ЖанСтройСервис» ЖШС, «Бастау С» ЖШС түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
2012 жылдан осы кезге дейін Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.