МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ ЕТІЛДІ
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 31 сессиясы өтті. Сессияға Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы, Бекмырза Еламанов және жергілікті мәслихат депутаттары мен аудан әкімдері қатысты. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және әлемдегі экономикалық өзгерістер туралы сөз етті.
- Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді. Ал біздің елдің экономикалық тұрақтылығы қара алтынның нарықтағы жағдайына тікелей тәуелді екені белгілі. Бұл, әрине, өңірлерге де өзінің әсерін тигізетіні сөзсіз. Осыған байланысты біз экономикалық өзгерістерге дайын болуымыз керек,-деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, қолға алынған әлеуметтік жобалар аяқсыз қалмайтындығын айтты.