ҒАРЫШКЕРЛЕР ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ
Бүгін Росавиация авиациялық іздеу және құтқару қызметі Халықаралық ғарыш стансасында жұмысын аяқтайтын экипажды күтіп алады, деп хабарлады «ҚазАқпарат».
«Аппарат дүйсенбі, 10 сәуірде жергілікті уақыт 17.21-де қонады деп күтілуде. Экипажды Қарағанды әуежайында күтіп алады», - деп хабарлады Росавиация авиациялық іздеу және құтқару қызметі Бірыңғай жүйесінің Байқоңыр филиалының бастығы Сергей Семченко.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Союз-МС-02» басқарылатын капсуласы экипажының қонуын жерүсті құтқару қызметінің 200-ден астам мамандары қамтамасыз етеді. Ұзақ ғарыш экспедициясынан кейін жерге Ресей ғарышкерлері кеме командирі Сергей Рыжиков, бортинженер Андрей Борисенко, сондай-ақ NASA астронавты Роберт Шейн Кимброу оралады.