БАЙҚОҢЫРДА ОПАТ БОЛҒАН ЗЫМЫРАН СЫНАУШЫЛАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін Байқоңырда 1960 жылы 24 қазанда және 1963 жылы 24 қазанда апат салдарынан қаза тапқан сынақшыларды еске алу жиыны өтті.
1960 жылы 24 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы рет Р-16 зымыранын ұшырардан жарты сағат бұрын екінші сатылы қозғалтқыш жоспардан тыс іске қосылып кеткен. Шыққан газ бірінші сатылы бакты өртеп, шарпыған өрт 100 метр аумақты қамтыды. Апат салдарынан 74 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанған болатын.
Бұл оқыс оқиға 41 алаңда артиллерияның бас маршалы Митрофан Неделиннің де өмірін қиып кетті.
Үш жылдан кейін, 1963 жылы 24 қазанда Р-9А зымыранының старттық ұстанымында газдалған шахтыда жұмыс кезінде шыққан өрттен 8 адам көз жұмған.
Сол сәттен бастап 24 қазан Байқоңырда қаралы күн саналады. Қаза тапқандарды еске алады. Бұл күні ғарыш айлағында барлық жұмыс тоқтатылып, зымыран ұшырылмайды.
Қаралы жиынға бүгін қала тұрғындары, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, оқушылар мен студенттер жиналды. Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Митрофан Неделин мен Байқоңырдағы Роскосмос басқармасының бастығы Анатолий Белоконь сөз сөйледі.
Киелі Георгий шіркеуінің діндары Михаил әке дұға оқыды. Жүздеген адамдар бауырластар зиратына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Бүгін апат болған ғарыш айлағының 41, 43 алаңдарында қаралы митингтер өтіп, ас беріледі.