«НОВАЯ ВОЛНА - 2017» БАЙҚАУЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН РҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ ҚОРҒАЙДЫ
Биыл Сочиде өтетін «Новая волна» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын жас әнші Рүстем Жүгінісов қорғайтын болады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Сүйінші!!! Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен «Новая волна – 2017» xалықаралық ән байқауының финалисті атандым!!! Мәскеуге кетіп қалғанымды айтпағаныма айып етпеңіздер. Жақсы тосын сый жасаймын деп ойладым. Арманым орындалып, міне, бүгін өздеріңізбен бөлісіп жатырмын. Игорь Крутой ағамыз ақ жол тілеп, батасын берді. Жақсы жаңалығымыз көп болғай!», – деп жазады Рүстем өзінің жеке парақшасында.
24.kz