ЖАМАҒАТПЕН ЖАРҚЫН ЖҮЗДЕСУ
ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы Сансызбай Құрбанұлының Арал ауданына сапарына орай аудандық мәдениет үйіндегі кездесу ұйымдастырылды. Ол осыдан кейін «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында өткен аудандық конференцияға қатысты.
Сансызбай Құрбанұлы әлемді дүр сілкіндірген террорлық әрекеттерге Ислам дінінің еш қатысы жоқтығын айтып өтті, дәстүрлі дініміздің негізгі ұстанымдарына тоқталды. Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін екенін тарата айтып, қандай да бір жағымсыз істерді дінмен байланыстырмау керек екенін түсіндірді. Көпшілік қауымның көкейкесті сауалдарына дін тұрғысынан тұшымды жауап берді.
Мәдениет үйіндегі жиыннан кейін Арал аудандық орталық мешітінде Жұма намазы алдында көпшілік жамағатпен жүздесті. Кездесу барысында діни уағыздар айтып, шариғатымыз жайында кеңінен сөз қозғады. Жамағатқа дәстүрлі емес діни ұйымдар қатарында жүрген азаматтар туралы айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.