«ТҮЛЕК – 2017» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қалалық жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып «Түлек – 2017» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін алғаш рет өткізді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға оқу орнын биыл бітіретін 800-ге жуық түлек және жүзден астам жұмыс беруші тараптың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызға ие мұндай игі бастамаға қолдау көрсету мақсатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Әділет министрлігі Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы Қалдыбек Сапаров пен өндіріс орындарының, білім беру ұйымдарының және қаржылық құрылымдардың басшылары келіп қатысты.
Өткен жылы осы оқу орнын бітірген 700-ге жуық түлектің бүгінде 85 пайызы жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында университет ректоры Қ.А.Бисенов 10-нан аса бітіруші түлекке өз мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама табыстады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында 107 жұмыс беруші тарап бос жұмыс орындарын ұсынды.
Университет ректоры Қ.А.Бисенов жұмыс беруші 9 мекеменің өкілімен өзара қызмет және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, келісім жасасты.
Жас маманға жұмысқа тұруға мол мүмкіндік ұсынған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне бітіруші тілектер өз ризашылықтарын білдірді.