ҮЛКЕН ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Көктем сайын айналаның тазалығына мән беріп, көркейту-көгалдандыру ісіне жұмылу барша ел үшін дәстүрге айналып келеді.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы да осы іске үлес қосып, апта сайын сенбілік өткізуде. Жасақ құтқарушылары өздеріне бекітілген аймақты қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктейді, көшет егеді.
«Өз қалам – өз үйім» дегенді жиі айтамыз. Құтқарушылар сол ортақ үйде тазалық болуы үшін әркім де үлес қосуы тиіс деп санайды.