ДҮЙСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ТҰМАН ТҮСІП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
10 сәуірде еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік, оңтүстік-батыс, солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып өтеді. Респуликаның кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте-найзағай күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.