АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАНДАЙ ӨНІМДЕР ҰСЫНБАҚ?
Алдағы демалыста Астанада өтетін жәрмеңкеге Қызылорда облысының аграршылары 40 тонна қауын мен 30 тонна қарбыз әкеледі. Бақша өнімдерінен басқа қызылордалықтар 95 тонна күріш, 25 тонна балық, 140 тоннадан астам көкөніс өнімдерін, сонымен қатар астана тұрғындары жәрмеңкеде 10 тонна аралдық йодталған тұз бен 20 тоннадан астам ет және ет деликатестерін сатып ала алады.
Астаналықтарға аталған отандық өнімдерді облыстың 39 ірі кәсіпорындары, соның ішінде жобалардың жартысынан көбі «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен қаржыландырылған.
Жалпы Холдингтің құрамындағы компаниялармен аймақтың АӨК дамытуға жылдың басынан 5,9 млрд.теңге бағытталды. Қызылорда облысында «ҚазАгро» Ұлттық холдингімен 6 млрд.теңге сомасына, 129 жұмыс орнын құрумен 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 2,9 млрд.теңгеге 3 жоба іске қосылды.
Холдингтің шағын несиелендіруші еншілес компаниясы арқылы жылдың басынан аймақта 1,4 млрд. тенге сомасына 569 шағын несиелер, оның «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 1,06 млрд. теңгеге 485 шағын несие берілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылық техникасын лизинг жолымен иеленуге 2,2 млрд. теңгеге 119 бірлік техникаға келісім-шарттар жасады.
Еске салайық, 20 қыркүйектен бастап әр сенбі сайын Астанада аймақтардың дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтуде, 2014 жылдың 1 қарашасында қорытынды жәрмеңкеде Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі