ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда қаласы тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 8 сәуірінде Тасбөгет кентіндегі орталық алаңда «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорыны «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорындағы өнімдер арзан бағада халыққа ұсынылатын болады. Мәселен, картоп - 90 теңгеден, күріш- 135 теңгеден, макарон -135 теңгеден, өсімдік майы - 355 теңгеден, тауық еті - 620 теңгеден, шай (250 гр) - 555 теңгеден, қарақұмық жармасы - 270 теңгеден сатылады.