НЗМ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН АТАП ӨТТІ

700-ге жуық оқушылар мен мұғалімдер таңертеңгі сабақ алдында дене шынықтыру жаттығуларын жасады.
-Мен мұндай іш-шараларды біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды деп ойлаймын, - дейді 7 сынып оқушы Баянсұлу Төлеубай.
-Біздің мектебіміз салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Денсаулық күнін жыл сайын өткізіп тұрады. 7-9 сынып оқушылары арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, - деп ойымен бөлісті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жанна Омарова.
Сондай-ақ, Денсаулық күні зияткерлік мектептің мұғалімдер арасында жүгіруден марафон, волейболдан жолдастық кездесумен аяқталды.


