ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫ САНЫ АРТҚАН
Қызылорда облысында 2016/2017 оқу жылының басына 294 күндізгі жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істеді. Мектептердің жалпы санынан 3,1% - бастауыш, 8,2% - негізгі орта, 88,7% - жалпы орта. Мемлекеттік мектептердің саны 293 немесе 99,7% құрайды, онда 141885 оқушы білім алуда. Жеке меншік мектеп саны - 1-еу, онда 68 оқушы білім алады. Бұл туралы Қызылорда облысының статистика департаментінен хабарлады.
2016/2017 оқу жылының басына облыста 141953 оқушы тіркелді, олардың саны 2015/2016 оқу жылымен салыстырғанда 4868 оқушыға немесе 3,5% көбейген.
Облыста ұлыстардың өмір сүруі мемлекеттік тіл саясатын өткізуді, ұлттық мәдениеттердің өзара іс-қимылын, одан әрі дамуын қарастырады. Қазіргі таңда облыстың күндізгі жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілде білім алу үдерісі сақталып келеді, оқушылар санынан олардың саны 92% немесе 130600 оқушыны құрайды. Орыс тілінде 8% немесе 11285 оқушы білім алуда.
Бір маусымда жұмыс жасайтын мектептер саны - 63, онда 83418 бала, екі маусымда - 230, онда сәйкесінше 58467 бала білім алуда.
Тәрбие жұмысының үдерісінде сабақ беру сапасы ерекше орын алады. Облыста күндізгі білім беру мектептеріндегі мұғалімдердің саны есепті кезеңге 16946 адамды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 4,7% азайды. Мұғалімдердің біліктілік деңгейі елеулі түрде жақсаруда. 2016/2017 оқу жылында жоғары білімді мұғалімдердің саны олардың жалпы санынан – 94,3%, техниқалық және кәсіптік білімімен – 5,7% құрады.
2016/2017 оқу жылы 6103 оқушы орта білім туралы куәлік алды және өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 8% азайған. Мектептерді 129 оқушы «Алтын белгі» аттестатымен бітірсе, 69 бітіруші «Үздік аттестат» игерлері атанды.