МЕККЕДЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КӨК ТУЫН КӨТЕРГЕН АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше Парламент Мәжілісі аясында, депутат Бақытбек Смағұл Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының атынан марафоншы Дулат Иманқажыны «Б.Момышұлы. Намыс» төс белгісімен марапаттады, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жылдығына ҚР Ішкі Істер министрлігінің ерекше мақсаттағы милиция жасағының 25 жылдығына арнап ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын қолдаған марафоншы Дулат Иманқажы осы жылдың алтыншы шілде күні алыс қашықтағы «Астана-Мекке» бейбітшілік марафонына шыққан болатын.
Бейбітшілік марафонына 3 ай кетті. Дулат күніне 100 шақырым жолға жүгіріп отырды. Астана қаласының «Нұр Астана» орталық мешітінен жүгіріп бастаған ол еліміздің 6 облысы мен 4 мемлекеттің шекарасын қиып өтіп, 7000 шақырым қашықтықтағы қасиетті Меккеге өз аяғымен жетті.
Бабалар дәстүрін жаңғыртқан Д.Иманқажының ізгі сапары қыркүйектің 15-де қасиетті Меккенің топырағын басып, қалада Қазақстан Республикасының көк туының көтерілуімен жалғасты. Берілген ту Сауд Арабиясында қасиетті Мекке қаласында марафоншы Д.Иманқажының қолымен көтерілді. Енді қасиетті Мекке қаласының басында көтерілген көк байрағымыз Республикалық мемлекеттік музейге тапсырылатын болады.