ҚАЙШЫДАН ҚОРЫҚҚАН ҚЫЗ 3 ЖЫЛ БОЙЫ ТЫРНАҒЫН АЛМАҒАН
Германияның Нюрнберг қаласының 16 жастағы тұрғыны Симона Тейлор 3 жыл бұрын тырнақ алатын қайшы мен тістеуіктен қорқа бастаған.
Паталогиялық қорқыныш 2014 жылдан басталған, деп жазады Mirror. Содан бері бойжеткен тырнағын ешқашан алмаған екен. Қазір тырнағының ұзындығы – 10 сантиметр. Мектеп оқушысы «сұлулық» біраз қиындық тудырғанымен, оған төзуге даярмын дейді. Тейлор «екінші саусақтарын» өсіруге YouTube порталындағы ұзын тырнақтардың күтімі жайлы түсірілген бейнероликтің мұрындық болғанын алға тартады.
Айтуынша, ол «жаңа қолдарымен» барлық тұрмыстық жұмысты игеруге машықтанған, алайда жазу, бақылау жұмыстарын жазу сияқты әрекеттер оған физикалық ауыртпалық түсіретін көрінеді.
«Мен үшін қолыма қалам алып, бірдеңе жазу қиын. Бір сағаттан кейін қолдарым қатты ауыра бастайды. Менен көбі боянғаныңда, бетіңді жуып, тісіңді ысқанда, дәретханаға барғаныңда тырнақтарың қиындық тудырмай ма деп сұрап жатады. Ең қиыны – бас жуу. Тырнақтарым шаштарымның арасында тұрып, шатасып қалады. Сондықтан абайлап, сақтықпен әрекет етуіме тура келеді», - дейді Симона.
Сонымен қатар ол бірнеше жылдың ішінде бір рет қана тырнағын сындырып алғанын айтады.
«Тырнақтарымды тек бір рет шарбақтан секіріп өтіп бара жатқан кезде сындырым алғанмын», - дейді ол.
Ұстаздары Симонадан тырнақтарын алып тастауын үнемі өтінеді, себебі тырнақтар оқушының дене шынықтыру сабағына қатысуына кедергі келтіреді. Алайда Симона өзінің дегенінен қайтар емес.
24.kz