БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясында техникалық бөлімше қызметкерлері арасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша емтихан өткізді. Дирекцияның 460 қызметкері емтиханды ойдағыдай тапсырды және қауіпсіздік техникасы бойынша жақсы нәтиже көрсетті.
– Техникалық блоктың әрбір қызметкері жұмыс орнында кіріспе нұсқамалықтан өтеді және жұмысқа кіру рұқсатына техникалық қауіпсіздік бойынша емтихан тапсырады», - деді Қызылорда ОТД еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Руслан Магамадов.
Дирекцияда еңбекті қорғау жұмыстарына баса көңіл бөлінуде. Техникалық блок қызметкерлері, инженерлер, кабель дәнекелеушілер, электромонтерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты қажетті шараларды сақтау сабақтары жетілдірілген оқу сыныптарында өтеді. Робот-жаттықтыру құрылғысының көмегімен қолдан дем алдыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын алады.