ЖАҚЫН АРАДА ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІНШІ ИСЛАМ БАНКІ ПАЙДА БОЛАДЫ
Қазақстандық коммерциялық Заман-Банкі жақын арада ислам банкінің негізінде жұмыс істейді. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банк қаржы нарығы әдістеме департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.
"Жақын арада "Заман-Банк" АҚ-ның Ислам банкі негізінде жұмыс істеуі жоспарланған. Бұл банк ислам принциптері бойынша қаржыландыру жүйесімен банк қызметтерін көрсетеді", - деді ол агенттікке берген сұхбатында.
Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Аl Hilal ислам банкі жұмыс істейді. 2017 жылы 1 қаңтарда оның елдегі банк жүйесіндегі үлесі 0,08 пайызға тең болды.
"Заман-Банк" Ақ акционерлері 2016 жылы шілдеде ислам банкінің жүйесіне көшу туралы шешім қабылдаған.
Исламдық банкинг - шариғатқа негізделген банк жүйесі. Үнемі жетілдіріліп келеді деген қазіргі әлемдік қаржы жүйесі сан рет дағдарысқа түскенін білеміз. Ал алғаш рет 1960-1970 жылдары банктік жүйе ретінде негізі қаланған, түп бастауын Құраннан алатын исламдық банктер бүгінге дейін бірде-бір рет дефолтқа ұшырамаған.