ҚАЗАЛЫДА ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР ТЕГІН ОҚЫТЫЛАДЫ
Биылғы жылдан бастап жүзеге асырылған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Қазалы ауданында сәуір айынан бастап қысқа мерзімді қайта даярлау курсына 150 адам оқытылады.
Ал ұзақ мерзімді кәсіптік даярлауға 150 адамды қыркүйек айынан бастап оқыту көзделуде. Оның ішінде, аспазшы мамандығына – 38 адам, компьютер ЭВМ мамандығына – 37 адам, даяшы мамандығына – 15 адам, ветеринариялық санитар мамандығына – 25 адам, сантехник мамандығына – 35 адам, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.