АВТОКӨЛІКТІ МАСАҢ КҮЙДЕ БАСҚАРҒАН АЗАМАТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ
Сотта анықталғандай, азамат автокөлігімен жарық шамын жақпай келе жатқандықтан Қызылорда ЖППБ-нің қызметкері тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде құжаттары болмағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында оның автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны анықталып, медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденген.
Сотталушы бұған дейін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы қаулысымен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылған бола тұра, автокөлікті алкогольдық масаң күйде басқарып,теріс қылық жасаған.
Сот үкімі бойынша сотталушы ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 60 АЕК мөлшерінде – 136 140 теңге айыппұл тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі