ЭКСПО ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ
Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровпен кеңес өткізді.
Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық компанияның бастамасы бойынша жемқорлыққа қарсы мекемемен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат сындарлылық пен ашықтық қағидаларына негізделген бірлескен және келісілген әрекеттерді жүргізу арқылы ынтымақтастықтың тиімділігіне мүмкіндік туғызу үшін жасалған.
Ахметжан Есімовтың айтуынша, дер кезінде жасалған келісім бас мердігерлер арасындағы жауапкершілікті арттыра түсті. Ұлттық компания жасасқан барлық шарттарда ескерілген жемқорлыққа қарсы талаптар осындай келісімдерге қол қою кезінде қатерлерді азайтуға мүмкіндік туғызды.
Сонымен қатар тауарлар, жұмыс пен қызмет көрсетуге деген бағаны белгілеуді күшейтуге бағытталған шаралар қолға алынып, операциялық қызметті қоспағанда, ЭКСПО нысандарының құрылысы барысында 302 млрд.теңгені үнемделді. Қазақстандық қамту өсіп, жұмыс орындары сақталып, жаңа орындар (50 мың) ашылып, отандық өндіріске (53,2 млрд.тг. сома көлемінде тауар сатып алынды) қолдау көрсетілді.
Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров ұлттық компанияның қазіргі жетекшілігі қызметінің айқындығын атап өтті.
"Әріптесімізге ынтымақтастық үшін алғысымды айта отырып, барлық қабылданып жатқан шаралар арқасында заңдылықты сақтау жүзінде ешқандай келеңсіздіктер орын алмайтынына сендіргім келеді", - деді жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі.