ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімдігі ауылдың экологиялық-санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында тың жобаны қолға алып отыр.
Полиэтилентерефталат өнімінен (боклажка) жасалған ыдыстарды қайта өңдеуден өткізу мақсатында тұрғындардан әр бір ыдысты 3 теңгеден қабылдайтындығын хабарлады.
Сонымен қатар, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды төгіп жатқан азаматтарды фотоға түсіріп кент әкімдігіне ұсынатын болсаңыз (фото анық болу керек), әрбір суретке 1000 теңгеден қаржылай сыйақы тағайындалған екен. Сурет тапсырған азаматтардың дерегі туралы мәлімет құпия түрде сақталады да.
Осылайша жергілікті билік өкілдері кент тұрғындарын өз аумағын таза қалаға айналдырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.