МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАРНАНЫ СІЗ ҮШІН КІМ ТӨЛЕЙДІ?
Мемлекет пе, жұмыс беруші ме, өзіңіз бе? Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алуыңыз керек. Ол үшін Сіз емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен барып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Сізді тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады.
Осы орайда елімізде 5 сәуір мен 31 маусым аралығында «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
- Бұл науқан МӘМС жүйесін енгізуге дайындық шараларының бірі болып табылады. МӘМС жүйесіне қосылу туралы барлық ақпаратты, жарналар мөлшері және төлеу схемаларын Сіз өз емханаңыздағы тіркеу орны немесе сіздің учаскедегі медициналық қызметкерге жүгіну арқылы біле аласыз. Емханаға тіркелудің екінші тәсілі интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы. «Электронды үкімет» (egov.kz) порталы арқылы электрондық құжат нысанында азаматтың мәліметтерін көрсете отырып сұрау салу қажет. Емханадағы жауапты қызметкер электрондық сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады және Сіздің тіркеу туралы талоныңызды рәсімдейді. Тіркелгендігіңіз жөніндегі ақпаратты «Egov.kz» порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінен анықтай аласыз, - дейді Жақсылық Абдусаметов.