КІТАП- ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА
№10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында жыл сайын дәстүрлі түрде кітап оқу сайысы өткізіледі. Осыдан екі ай бұрын лицей оқушыларына Абайдың қарасөздерін және Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», «Жәмилә» шығармаларын, ал ата-аналарға И.Тасмағамбетовтың анасы Д.Тасмағамбеткелінінің «Айналайындарым менің» кітабын оқу тапсырылған болатын.
Ата-аналардың және оқушылардың көркем әдебиетке деген құштарлығын арттыру және әдебиет классиктерінің шығармаларын кең насихаттау мақсатында өткізілген іс шара рухани мәдениеттті дамытуға ықпалын тигізер жақсы үрдіс деп айтуға болады.
Кітап оқу сайысына қатысқан ата-аналар мен оқушылар жоғарыда аталған шығармалар бойынша тест тапсырды.
Наурыз мерекесінде кітап оқу сайысының жеңімпаздары марапатталды.
7-8 сынып оқушылары бойынша:
1. І орын – Шайық Жанель – 8А сыныбы;
2. ІІ орын – Аяған Жансая;
3. ІІІ орын – Орынбасар Аружан – 8А.
9-11 сыныптар бойынша:
1. І орын – Тоқшылық Нұрай – 9Б сыныбы;
2. ІІ орын – Садықбек Алтынай – 10Б сыныбы ;
3. ІІІ орын – Серікбай Арайлым – 10А сыныбы.
Ата-аналар арасында өткізілген тест-сынағының нәтижесі:
1. І орын – Насибекова Гүлсара - 9Б сыныбының ата-анасы;
2. ІІ орын – Ертаева Айнұр – 8А сыныбы ата-анасы;
3. ІІ орын – Рыспабмбетова Қалдан – 9Б сыныбы ата-анасы;
4. ІІІ орын – Есмаханова Раиса – 10 сыныбы ата-анасы;
5. ІІІ орын – Арысбаева Жанар – 7А сыныбы ата-анасы .
Жеңімпаз атанған оқушылар электронды оқулық, карт-браслет, электронды құлаққап тәрізді бағалы сыйлықтармен, ал ата-аналар үй тұрмысына қажетті теледидар, пісіруге арналған пеш, еттартқыш сынды құнды сыйлықтармен марапатталды.