«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»
Жалағаш кентінде және Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысы мемлекеттік қызметкерлерлермен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімі Т.Дүйсебаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы А.Мұхимов, облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық бөлімшесі басшысы С.Бертаевтар баяндама жасап, аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатырған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Кездесу соңы жиылған қауымның ұсыныс-пікрілеріне ұласты.